Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел көңілінен шыққан “16 қыз” фильмінің жалғасы түсірілетін болды

Хакерлердің құрығына іліккен Диснейдің жағдайын Қанағат Мұстафин жақсы түсінеді. Дайын жобаны қарақшылар қолды қылса, режиссер үшін одан артық қасірет жоқ шығар. Бүгінде «16 қыз» картинасының жалғасын таспалап жатқан Қанағат, бөтен адамды түсірілім алаңына жолатқысы жоқ.

аша мен берік айтжанов 170517

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Өткен жылдың наурыз айында үлкен экранға жол тартқан «16» қыз картинасының кассалық табысы 80 миллионды құраған. Қомақты қаржыға кенелген түсірілім тобы, енді комедияның жалғасын таспалауды бастады.

«Аша мен Беріктің, жаңағы Айжан мен Бауыржанның балалары туады, егіз баласы болады. 16 қызды солай аяқтап едік қой. Енді бұйырса тұсаукесерден басталады кино! Яғни оқиға 1 жылдан кейін жалғасады деген сөз», – дейді режиссер Қанағат Мұстафин.

Иә, комедияның жалғасы «Ең сұлу қыз» деп аталады. Жоба авторлары режиссерға сценарийдің 8 нұсқасын жазып ұсынған көрінеді. Қанағат Мұстафин өз кезегінде, фильм желісінде қазақы салт-дәстүр насихатталып, достық пен адалдық сынды адами қасиеттер суреттелетін сюжетті таңдаған. Комедия отандық көрерменге таңсық — роуд-муви жанрында таспалануда. «16 қыз» картинасында өмірлік жарын іздеген Бауыржан, енді Самат есімді досына қалыңдық тауып бермек. Бірақ, сүйгені тез жолыға қоймайды.

«Алматыға келіп… бірақ оларды, біздің басты кейіпкерлерімізді ұрылармен шатастырып алып, арттарынан полиция, мафия түседі. Бірақ олар ешқандай қылмыс істемей, өздері де білмей, сөмкелері ауысып кетеді. Сондай неше түрлі шытырман оқиғаға тап болады», – дейді режиссер.

Бүгінгі түсірілім алаңы дәл сол криминалды оқиғаны суреттейді. Ал, подполковниктің рөліне Кентал таңдалыпты.

«Бала кезімнен өзім көрген образдар ғой. Ағам милицияда істеді. Сосын қазір туыстарым бар полицияда істейтін. Жақын жолдастарым бар. Майорлар, милиция, ГАИщниктер бар. Сондықтан жақсы білетін, жақсы білетін образдың бірі», – дейді Кентал.

Ал, «Ең сұлу қыз» комедиясы осы жылдың күзінде қалың көпшілікке ұсынылатын болады!

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат: Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім

Асхат Садырбай кинода ашықтан-ашық сүйісетін актерлерді сынады

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Алтынай Жолдыбаева үйге түскен ұрыны аяғымен орап “өлтірді” (видео)

STAN.KZ
Сәрсенбі, 17 Мамыр, 2017 12:56
Талқылау