AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Экстремистік топтармен байланыс орнатқан": АҚШ полицейлері Трампты сотқа берді

26 тамыз күні АҚШ Капитолийінің жеті полицейі бұрынғы президент Дональд Трампты сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, экс-президент Дональд Трамп 6 қаңтарда Конгресске қауіпті шабуыл жасау мақсатымен экстремистік топтармен бір келісімге келген. Трамп Джо Байден жеңген АҚШ-тағы президенттік сайлауды тоқтатамыз деп үміттеніп, шабуылда зорлық-зомбылық болатынын біле тұра оның алдын алмаған деп мәлімдеді полицейлер.

Сот ісінде Трамп экстремистік "The Prud Boys" және "The Anthkeepers" топтарымен байланыста болды делінген. 

"Трамп сайлаудың нәтижелерін жоққа шығарып, олардың жақтаушыларының арасында наразылық туғызу үшін басқа айыпталушылармен бірге сайлауды бұрмалау туралы жалған мәлімдемелерді әдейі және табанды түрде көтерген", – делінген сот құжатында.

Бұл іс Трамптың Капитолийді қоршауға алғаны үшін жауапқа тартуға бағытталған азаматтық сот істерінің соңғысы болып табылады.

Трамптың жеке адвокаты Рон Фишетти түсініктеме сұрағандарға бірден жауап берген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Вашингтонда демонстрацияға жиналған Трамп жақтастары Конгресс ғимаратына басып кіріп, өткен сайлаудың нәтижелерін мақұлдауы тиіс жиналысты үзіп жіберген болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр