Экстрасенс Бақыт Жұматова: 2025 жылы жаман ауру тарайды, ал адамзат енді 50 жыл ғана өмір сүреді

Экстрасенс, көріпкел, болашақты болжаушы Бақыт Жұматова қазіргі адамзат бастан кешкен оқиғалар мен келешекке жасаған болжамдары туралы айтты.

Экстрасенс Бақыт Жұматова: 2050 жылы жаман ауру тарайды, ал адамзат енді 50 жыл ғана өмір сүреді

Бұл туралы Данияр Есенмен болған сұхбатта айтылды. 

Бақыт Жұматова "Экстрасенстер шайқасы" бағдарламасына қатысып, есімі көпке танылып кетті. Оған сенушілер де, сенбеушілер де көп. Бірі дуа жасауға, жол ашуға немесе емделуге, болашағын болжау үшін сеніп барса, енді бірі мұның мұсылмандыққа қайшы екенін айтып сақтандырмақ болады. 

Бақыт Жұматова қазіргі коронавирустың қалыпты жағдай екенін айтады. 

"Бұл адамзаттың қолынан жасаған дүниесі емес, бұл құдайдан келген нәрсе. Адамзат санын азайту үшін болып отыр. Құдайға адамның көп болғаны ұнамайды. Себебі залым, зұлым, қараниетті адам көбейіп кетті. Мен 2025 жылдан қорқам. Ол жылы әлемде оба тарауы мүмкін. Адамдардың денесі өртеліп жатқанын көремін. Бұл бұдан бұрын да болуы мүмкін. Мен 2025 жылы деп әрі қарай жылжытып отырмын", - деді ол.

Экстрасенстің айтуынша, биыл кібіске жылы ауыр өтеді. Осыдан аман шығу керек.

"Өзбекстанда жер сілкінуі мүмкін. Биыл табиғи апаттар болады", - дейді ол. 

Айтуынша, Қазақстанның Балқаш қаласында Меккеге апаратын жол бар. 

"Біздің астрологтер Балқаш қаласын зерттеуі керек. Оның астында Меккеге апаратын жол бар. Біз оны білмейміз", - дейді көріпкел. 

Жұматова өзін мұсылманмын деп санағанымен, ислам дініндемін деп айта алмайды. Себебі, исламда өзге ағым мүшелері де, басқалар да бар.

"Мен мұсылманмын. Басқа дінді қабылдаған жоқпын. Атам көріпкел болған. Мен секілді болжаған. Соның қасиеті дарыған деп ойлаймын. 27 жастағы ұлым бар. Ол да кейде түс көреді, мен секілді бірнәрселерді көріп жүреді. Бірақ бұған үйретіп жатқан жоқпын. Өзінің бөлек өмірі бар", - дейді ол.

Талқылау
Пікір
Аааа
03 Шіл, 20 жыл - 12:27

Өзімен кетсін олай айтпаныз бары жақсы болад

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр