Экс-вице министрлердің ұсталуы: Шенділердің үйін тінту кезінде 200 миллион теңгедей ақша табылды
Фото: Stan.kz коллажы
Қаржы мониторингі Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" және "Бірінші кредиттік бюро" лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші кредиттік бюро басшылығы қазақстандықтардың жеке дерегін алу үшін еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшылығына жүйелі түрде пара бергені анықталды.
28 маусымда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында кезекті 75 мың доллар (шамамен 35 миллион теңге) пара беру кезінде Бірінші кредиттік бюро бас директоры Руслан Омаров, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысы Ақмәди Сарбасов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бұрынғы басшысы Дәулет Арғандықов ұсталды.
16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен – Цифрлық даму министрі түсініктеме берді
Күдіктілердің үйін тінту барысында 370 мың доллар (191 миллион теңге) және 4,5 млн теңге тәркіленді. 30 маусымда сот санкциясымен үш күдікті 2 айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің экс-орынбасары ұсталғаны айтылды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
