Экс-шенеунік аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды
Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы бастығы Иманалин Н.Ж. және «Ақ Саток» ЖШС директоры Қойбағаров алаяқтық жолымен бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырған.
«Иманалинге Мұғалжар ауданы, Сағашілі кентінде 320 орындық мектеп құрылысына бөлінген жалпы сомасы 60 703 175 теңге бюджеттік қаражатты жеке компания директоры Койбагаровпен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам алдау жолымен жымқырды деген күдік келтірілді.
Сонымен бірге, ол компанияның мектеп құрылыс алаңында орындалмаған жұмыс түріндегі міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін кепілдік сомасының үш пайызын жеке компанияға негізсіз қайтарып беру арқылы 22 474 872,23 теңге көлемінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді», - делінген басқарма түсініктемесінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунік төтенше жағдайлар кезінде полиция қызметкерлеріне бағынбады және зорлық-зомбылық жасады деп күдіктенеді.
2020 жылы 25 желтоқсанда Ақтөбе қаласының No2 сотының үкімімен Иманалин жеті жылға бас бостандығынан айырылды (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 379-бабы, 380-бабы 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды.
Сол үкіммен Қойбағаров (190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылды, коммерциялық ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енбегені атап өтілді.