ШҚО-да ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 13 жасар жасөспірімді зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аталған фактіні Ақжайық ауданы әкімдігіндегілер растады.
«Иә, мұндай факті тіркелді. Тергеу шаралары жабық режимде жүріп жатқандықтан, қандай да бір пікір білдіре алмаймын», - дейді Ақжайық ауданы әкімі қызметін атқарушы Тлекқабыл Ғабдушев.
ШҚО сотының баспасөз қызметіндегілер күдіктінің екі айға қамауға алынғанын айтты. Сондай-ақ, оған қатысты ҚР ҚК 121-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді