Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігіне қызметке тағайындалды

экс-министрФото: primeminister.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының өкімімен Байбазаров президент әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. / 

1997-2003 жылдары қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Бұдан басқа, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жұмыс істеген.

2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы болды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен холдингтің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2023 жылғы 11 қазанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 

Айта кетейік, Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымына 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған еді. Дегенмен сол жылдың 21 желтоқсанында ол қызметінен кеткен. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 14:55
Талқылау