Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамаққа алу мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтандағы тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот бұлтартпау шарасының күшін жоюға негіздерді анықтаған жоқ.

“Сот үйқамақта болу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Біртанов Елжан Амантайұлының үйқамақта болу мерзімі 14 қаңтарға дейін екі айға ұзартылсын”, - деді судья Ақмарал Исаева.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, пайдалануға беру арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс 133 томнан тұрады.

Біртанов бір жылдан бері үйқамақта отыр. 28 қыркүйекте экс-министрдің адвокаттары Қазақстан президентінен қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған.

Қыркүйек айында Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды.  Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Талқылау