Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Бағдат Мусин АҚШ-қа кетті

Қазақстан Республикасының бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-қа кетті. Ол сапардың мақсаты туралы Instagram парақшасында егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Бағдат Мусиннің әлеуметтік желісінен алынған

Бұрынғы шенеунік 30 мамырда Сан-Францискодан отбасымен түскен суретін жариялады.

"Міне Америда жүргеніме бірнеше күн болды. Әрине, мен кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын, менің сүйікті жарым Дина және кенже қызым Бірғаным және мен", – деп бөлісті Бағдат Мусин.

Ол бұдан былай елдің цифрлық дамуын басқармайтынына қарамастан Мусин техникалық прогреске қызығушылық танытып отыр. 

"Сондықтан осы күндері өтіп жатқан бірнеше іс-шараларға қатысуға ниеттімін. Дәстүрлі түрде мен Digital Nomads-пен (Bay area-да орналасқан біздің аймақтың IT мамандарымен) кездесемін. Кездесу біз құрған Silkroad инновациялық хабының қабырғасында өтеді. Еліміздің спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы, осы жылдың қыркүйек айында Астанада зияткерлік спорттан әлем чемпионатының (спорттық бағдарламалау) финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселелерді шешу үшін ICPC Билл Поучер және оның командасымен кездесу өткіземін", – деп жалғастырды Бағдат Мусин.

Сонымен қатар кіші қызы мектептегі робототехника командасының құрамында жарыстарға қатысатынын атап өтті.



Ал Мусин биыл мектепті бітірген үлкен қызына АҚШ-тағы университеттердің бірін таңдауына көмектеспек.

"Бір сапар үшін көп мақсат бар екенін енді түсіндім, бірақ мен бәрін орындауға тырысамын", – деп түйіндеді ол.
2024 жылғы 30 сәуірде Қазақстан президенті Бағдат Мусинді цифрлық даму министрі қызметінен босатты. Қызметтен босаған соң біраз уақыт әлеуметтік желіде Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тарады. Антикор бұл хабарламаларға түсініктеме берді.

Еске салайық, 30 сәуірде Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылғанын жазған едік.

Талқылау