Жымқыру, сөз байласу, ысырап ету: Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қандай жаңа айыптар тағылды?
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы "Дипломат" қонақ үйі ісіне қатысы бар деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: golos-naroda.kz
Сот процесі кезінде мемлекеттік айыптаушы атап өткендей, Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі жауапты лауазымын атқарған кезде мемлекеттік қызметте ауқымды байланыстарға ие бола отырып, мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бөлінген қаражатты ысырап еткен. Сонымен бірге белгілі бір топпен сөз байласып, қазақстандық мәдени мұраны танымал етуді зерделеуге және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін арттыруға бөлінген қаржыны талан-таражға салған.
Осылайша, ол сыбайластарымен мәміле жасаған. Оның 309 миллион теңгеден астам сомаға ұлттық цифрлық киноколлекция құру туралы бұйрығы шығысқа енгізілген.
Прокурор айыптау актісінде Арыстанбек Мұхамедиұлы цифрландыру шығындарын қысқарту үшін "Қазақфильм" қызметкерлерін дайындық жұмыстарын орындауға тартқанын атап өтті.
Нәтижесінде, прокурор экс-министрдің сыбайластырымен алдын ала сөз байласуы бойынша 196 миллион теңге сомасына залал келтіргенін айтты. Соның ішінде орындалмаған жұмыстар сомасы 167 миллион теңгені құраған.
"Арыстанбек Мұхамедиұлы аффилиирленген компаниялар арқылы нақты қызмет көрсетусіз қаражатты жымқырған және оларды өз бетінше басқарды", - деп түсіндірді мемлекеттік айыптаушы.
Осылайша, бұл эпизодта бұрынғы министрге "Қылмысты ұйымдастырушы" және "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру" бабы бойынша айып тағылды.
"Мұхамедиұлы өзінің өкілеті мен беделі бар екенін түсінді, бұл оларға баюға және қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік береді. Мұхамедиұлы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында ұйымдастырушы болып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында жыл сайын "Алтын адам" көрмелерін өткізуге бюджет қаражатын алуға мүмкіндік бар екенін түсініп, бюджет қаражатын ұрлауға арналған өзінің қылмыстық жоспарын іске асыруды жалғастырды.
Ол президент әкімшілігіне 2017-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарын, соның ішінде "Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі" халықаралық көрмелерін жіберуді тапсырды. 2018 жылы Қытайға, Моңғолияға, Оңтүстік Кореяға, Үндістанға, Грузияға, 2019 жылы - Ресейге, Түркияға, Түрікменстанға, Израильге, Әзербайжанға және Жапонияға", - деді прокурор Хайруллаев.
Мемлекеттік айыптаушы тараптың айтуынша, Мұхамедиұлы қызметтік бабын пайдалана отырып, көрсетілген қызмет құнын арттыра отырып, 2018 жылға арналған "Алтын адам" көрме жобасын іске асыруға 1 миллиард теңгеге шығын сметасын жасауға бұйрық берген.
"Осылайша, көрмелерді өткізуге көрсетілген сметалар, шығыстар, құрал-жабдықтар мен жәдігерлерді сақтандыру бойынша жоғарылатылған шығындар негізінде 1 миллиард 803 миллион 673 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді", - деді прокурор.
Айта кетейік, экс-министрді ақша жымқырды деген айыптау үкімі сағат 10.00-ден бастап оқылып, төрт сағат бойы жалғасқан. Осы эпизод бойынша Мұхамедиұлына ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі және 189-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астанадағы Қазақстан Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастағаны туралы ақпарат таратты. Мұражай басшылығы “әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Ол 2022 жылдың мамыр айының соңында ұсталып, екі айға қамауға алынды. Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлы және тағы бірнеше адамның соты 2023 жылдың сәуір айында басталды.
Айыптаушы тараптың айтуынша, Мұхамедиұлы адамдар тобында прокурорлардың пікірінше, Үндістандағы "Алтын адаммен" көрмеге 350 миллион теңге жұмсаған деген күдікке ілінген.
Прокурорлар Арыстанбек Мұхамедиұлының бас бостандығын 9 жылға айыруды сұрады. Экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек оның адвокаты сотқа шағым түсіріп, кейін Астанада оның тағы бір соты басталатыны белгілі болды.