Экс-депутат Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы 22 сәуірде белгілі болған еді.
"Алматы ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 6 айға, 2022 жылдың 21 қазанына дейін ұзарту туралы арыз қанағаттандырылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қайрат Құдайбергенге жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікке ілініп, 2022 жылдың 21 сәуірінде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен қамауға алынған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн