AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-әкімнің туысы: "Әлем аруына" қатысқан қызылордалық бойжеткен ақпаратқа түсініктеме берді

"Әлем аруы" байқауында Қазақстанның атынан қатысқан "Қызылорда аруы-2019" Камилла Серікбай өзінің экс-әкімнің немересі және жоғары лауазымды шенеуніктің қызы деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен оның отбасының шенеунікке еш қатысы жоқ екенін айтты.

"Мен, Камилла Серікбай, Қызылорда облысының экс-әкімінің немересі және жоғары лауазымды шенеуніктің қызы емеспін. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Отбасымның да Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлына еш қатысы жоқ және ол туралы білмейміз. Туыстарымның арасында шенеуніктер жоқ", - деді қызылордалық ару.

Шенеуніктермен туыстық туралы ақпаратты koyanbayev_qulagi телеграм арнасы таратқан еді.

"Туыстық қатынастың көмегімен қызға "Қызылорда аруы" деген атақ берілгені таңғаларлық жағдай емес, бірақ ол біздің еліміздің намысын қорғауға аттанды. Өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Оның орнына басқа қыз барса, Қазақстан жеңер ме еді. Оны ешкім білмейді. Бірақ факт айтылуы керек", деп хабарланды жазбада.

"Әлем аруы" байқауының финалы 17 мамырда АҚШ-та өтті. Жеңісті Мексиканың 26 ​​жастағы өкілі Андреа Меза алды. Қазақстандық ару үздік 21 қатысушы қатысқан финалға өте алмады.

Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы Камилла Серікбай "Қызылорда аруы" байқауында жеңіске жетіп, "Қазақстан аруы" финалында туған қаласының намысын қорғады. Ол бірнеше тілде, оның ішінде түрік және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Каратэмен 13 жасынан бастап айналысады. Қоңыр белбеу иесі. Пандемия кезінде ол қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр