Экономика министрлігі: Қазақстаннан шамамен 100 миллиард доллар заңсыз шығарылған
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан 100 миллиард доллар қаржының заңсыз шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тікелей шетелдік инвестицияны тартуды алатын болсақ бізде 30 жылда 400 миллиард доллардан астам үлкен көлем жиналған. Бірақ оның оннан астамы қайта алынып тасталды. Бұл жерде нақты соманы айту қиын. Шамамен 100 млрд мүмкін одан да көп қаржы қайта шығарылған", - деді Қуантиров брифингте.
Қазір Қазақстанда шетелден капиталды қайтару комиссиясы жұмыс істейді. Мұндай тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
"Қазір біз осыған байланысты шетелдік юрисдикциялардан қайтарудың мүмкін жолдары мен әдістерін әзірлеп, қарастырып жатырмыз. Бұл күрделі мәселе болғандықтан тез арада шешуге болады деп айта алмаймын. Бірақ барлық қажетті шаралар қабылдануда", - деді министр.
Билік қаражатты қайтарудың түрлі тетіктерін, салықтық және салықтық емес ынталандыру шараларын қарастыруда.
"Біз қазір салық мәселелерімен белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. Бір жағынан бұл одан әрі қаржыны шетке шығарудың алдын алу болып табылады. Салық шараларының бірі біз инвесторлар төлемеген дивидендтік жеңілдікті алып тастаймыз. Сонымен қатар қайтарымды ынталандыру шаралары да бар. Біз преференциялар беріп осы шаралардың барлығымен жұмыс істеп жатырмыз", - деп толықтырды Әлібек Қуантиров.
Ұлттық экономика министрлігі салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеуде.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
