AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экологиялық таза өмірді бастауға арналған 5 пайдалы кеңес

Полярлық мұздықтардың еруі, жаһандық климаттың өзгеруі, миллиондаған тонна қоқыстардың жиналуы, ауа мен мұхиттардың ластануы сияқты мәселелер, бұрыннан жердің экологиялық проблемалары болып табылады. Бүгінгі таңда парниктік газдар шығарындыларымен күресуге, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтауға, биоалуантүрлілікті қалпына келтіруге және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге миллиардтаған қаржы жұмсалады. Өз отбасының денсаулығы мен әл-ауқатын уайымдап жүрген қарапайым адам мұндай жағдайда қалай көмектесе алады?

Шындығында, «эко-френдли» өмір салтын ұстану біз ойлағаннан әлдеқайда оңай. Көп ұзамай денсаулыққа пайдалы өнімдерді, киімдерді және жабдықтарды саналы түрде таңдау жақсы әдетке айналады. Мұнда назар аударуды талап ететін бірнеше қарапайым кеңестер берілген.

Электр қуатын үнемдеу

Үйге жаңа электронды және тұрмыстық техниканы таңдағанда, оның энергиялық тиімділігін бірден екі себеп бойынша бағалау керек. Біріншіден, электр энергиясына жұмсалған шығындарыңыз азаяды. Екіншіден, сізге қызмет көрсететін электр станциясы сол электр энергияны өндіру үшін қалпына келмейтін пайдалы қазбаларды аз пайдаланады.

Мысалы, LG DUALCOOL™ ауаны тазартатын кондиционерлер сияқты классы A++ немесе A+++ қуаттылық тиімділігі бар заманауи құрылғылар одан да тиімді, өйткені олар бұрынғыдай моторды өшірудің орнына оның жылдамдығын реттейді және нәтижесінде құрылғы дыбыссыз, тиімді және ұзақ уақыт жұмыс істейді.  Мұздатқышы төмен жақта орналасқан инверторлы сызықтық компрессоры бар заманауи LG тоңазытқыштары біркелкі және жылдам салқындату арқасында тағамды ұзақ уақыт балғын қалпында сақтайды, сонымен қатар қарапайым компрессорлы тоңазытқыштармен салыстырғанда электр қуатын 32%-ға аз тұтынады.1

Суды үнемдеу

Қазіргі уақытта ағынды сумен үйреншікті ыдыс жуу тәсілі ысырапшылдыққа жататынын мойындайтын уақыт келді. Ыдыс жуу кезінде суды үнемдеу үшін раковинаны қымтып, содан кейін шаюға болады. Алайда LG QuadWash® кіріктірілген ыдыс жуғыш машинасымен көбірек үнемдей аласыз, ол Inverter Direct Drive қуаттылық тиімділігі жоғары жетекпен қамтамасыз етілген.

LG ыдыс жуғыш, кір жуғыш машиналарында және LG Styler-де қолданылатын TrueSteam™ технологиясы кірді, тағам қалдықтарын, дақтарды және бактерияларды2 жою үшін жоғары температуралы буды тиімді пайдаланады. Суды үнемдеумен қатар, бұл технология ағынды су жүйесін ластайтын зиянды жуғыш заттарды тұтынуды азайтады.

LG компаниясының жасанды интеллекті бар AI DD™ заманауи технологиясы кірдің салмағы мен жұмсақтығын анықтайды және матаның тозуын шамамен 18%3 азайта отырып, судың және электр қуатының оңтайлы мөлшерін пайдаланатын жуу циклын автоматты түрде таңдайды. Суды және уақытты айтарлықтай үнемдеуді төрт қозғалмалы су шашқышы бар LG TurboWash 360°™ технологиясы қамтамасыз етеді. Ол кірді мұқият жуу үшін судың біркелкі және үнемді жұмсалуына кепілдік береді.

Тамақтануға деген тиімді көзқарас

Адамзат азық-түліктің көптігінің рахатын бағаласа да, бұл құнды ресурсқа ақылмен қарауды әлі толық меңгерген жоқ. Оның айқын дәлелі – қала аулаларындағы мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерге толы қоқыс контейнерлері.

Заманауи технологиялар тағамды жақсырақ сақтауға және салауатты өмір салты үшін дәмді және пайдалы тағамдарды дайындауға шығармашылықпен қарауға көмектеседі. Сонымен, заманауи LG тоңазытқыштарында камераны температураның өзгеруінен қорғайтын және есіктің бетін толықтай айналатын суық ауаның арнайы ағынының көмегімен тоңазытқыштағы тағамның балғындығын ұзартуға көмектесетін  DoorCooling +™ бірегей технологиясы бар.

Сонымен қатар, LG Door-in-Door InstaView™ көп есікті тоңазытқыштары арқылы ең қажетті сөрелерге тоңазытқыштың есігін толығымен ашпай-ақ, шағын есік арқылы қол жеткізуге болады, ал LG InstaView™ есікті мүлде ашпай-ақ ішіндегісін көруге мүмкіндік береді: есікті екі рет түрту артқы жарықты қосады және қара әйнекті мөлдір етеді. Өнімдер температураның шамадан тыс өзгеруін сезбейді және оны қалпына келтіру үшін тоңазытқыш суық пен электр қуатын жоғалтпайды.

Оған қоса, диспенсерлі тоңазытқыштарда диспенсердің ішіндегі бактериялардың көбеюіне кедергі жасайтын тазартқыш ультракүлгін сәулелерді бөлетін UVnano™  жарықдиодты технологиясы қолданылады.

Заманауи тоңазытқышты немесе кондиционерді таңдағанда, қолданылатын хладагентке назар аудару керек. LG тоңазытқыштары тиімді R600a хладагентін, ал кондиционерлер жаңа буынды R32 жаһандық жылыну әлеуеті (GWP) төмен хладагентін пайдаланады. Сонымен қатар, LG жаңа DUAL Inverter Heat Pump™  кептіргіш машиналары қазіргі уақытта қол жетімді ең төмен GWP бар R290 салқындатқыш хладагентін пайдаланады.

LG кептіргіш машиналары ресурстарды тұрақты пайдалану және климаттық өзгерістерді азайтуының арқасында Green Product жасыл өнімді сертификатын алу үшін қажетті TÜV Rheinland компаниясының жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Өкінішке орай, ешқандай техника уақыт өте бұзылатын, қажеттіліктен тыс азық-түлік сатып алу әдетінен арылуға көмектеспейді. Дегенмен, дұрыс таңдалған ас үй құрылғылары үйде жиі және талғаммен ас дайындауға ынталандырады. Бұл қалдықтарды азайта отырып, үстелге тағамдарды қажетті мөлшерде ұсынуға мүмкіндік береді. Тағы бір ақылға қонымды және үнемді тәсіл - асты дұрыс рецепттерді пайдалана отырып, қол жетімді өнімдерден ғана пісіру.

Ұтымды өмір салтын сақтаудағы интеллект

LG ThinQ ақылды үй технологиясын LG үй және ойын-сауық құрылғыларының көбіне енгізу арқылы ресурстарды үнемді пайдалануды бақылауға немесе бұл процесті жасанды интеллектке сеніп тапсыруға мүмкіндік беретін экожүйе қалыптасты.

LG ThinQ мобильді қосымшасының арқасында тұтынушы тұрмыстық техниканы пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жұмысын реттей алады. Мысалы, тоңазытқыштың қуат тұтынуын түнде, оның есіктері ең аз ашылатын кезде ең төменгі деңгейге ауыстырыңыз. Бұл тәсілдің керемет артықшылығы - әрбір энергияны үнемдеу әрекетіне байланысты ай сайынғы үнемдеуді дәл анықтау мүмкіндігі.

LG ThinQ қашықтан басқару және бақылау мүмкіндіктері артық электр қуатының шығынын азайтуға көмектеседі. Сонымен, сіз бүкіл отбасыңызбен көптен күткен демалыста болсаңыз және кездейсоқ электр құрылғыларының бірін қосулы қалдырсаңыз, LG ThinQ қолданбасы кез келген LG үй құрылғысының күйін тексеруге және оны кез келген жерден өшіруге мүмкіндік береді.

LG ThinQ қолданбасы сізге тоңазытқыштағы4 тағамның жарамдылық мерзімі туралы ескерту жіберуге немесе су мен жуғыш заттарды үнемдейтін жуу циклін ұсынуға дайын. ThinQ қолданбасындағы Smart диагностика мүмкіндігі жылдам диагностикалауға және барлығының дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі. Алдын алудан басқа, қолданба сүзгілерді ауыстыру мерзімінің келгені туралы ескерту жібереді.

Жақында LG өзінің тұрмыстық техникасының келесі эволюциясын жариялады. Жаңартылатын құрылғылар бағдарламасының іске қосылуымен пайдаланушыларға ThinQ қолданбасын жаңарту орталығынан жаңа мүмкіндіктер мен функцияларды жүктеп алуға және жаңа үлгіні сатып алмай-ақ уақыт өте көбірек артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғылар пайда болады. LG компаниясының жаңарту парадигмасы компанияның электрондық өнімдерінің қызмет ету мерзімін ұзартады және жаһандық электрондық қалдықтар проблемасын жеңілдетуге көмектеседі.

Тазартқан жерде емес, ластамаған жерде ғана тазалық болады

Әзірге қоқысты бөлек жинауға және жоюға арналған контейнерлерді барлық жерде таба алмайсыз, бірақ бір нәрседен бастау керек. Жақын жерде сұрыпталған қалдықтарға арналған тиісті контейнерлер болмаса да, дүкенге барған кезде бір рет қолданылатын қалталардың орнына қайта тұтынуға болатын сөмкені пайдалануды бастай аласыз, пластикалық қаптамаларды шыны, ПЭТ пластик немесе қағазға ауыстырып, үй техникасын таңдаған кезде ресурстарды сақтау және үнемдеу мүмкіндігін қарастырыңыз.

LG-дың үйдегі ойын-сауыққа арналған заманауи шешімдері, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін оңтайлы пайдаланушы болуыңызға септігін тигізеді. СК теледидарлары сияқты артқы жарықтарды пайдаланбайтындықтан LG OLED теледидарлары аз бөлшектерден тұрады, бұл оларды утилизациялауға және қайта өңдеуге аз күш қажет етеді. Мысалы, 65 дюймдік LG OLED evo C2 өлшемі ұқсас СКД теледидарда (65UQ80 үлгісі) қолданылатын пластиктің 40 пайызын ғана пайдаланады.

2022 жылғы OLED теледидарлары үшін LG өнімнің салмағын азайтуға көмектесетін жаңа композиттік талшықты материалды қолданды. Қаптама қайта өңделген материалдардан жасалған және энергия мен ресурстарды одан әрі үнемдеу үшін бір түсте басып шығарылады.

LG саундбарлары қайта өңделген және болашақта қайта өңделуі оңай материалдардан жасалған, олар үнемді пайдаланылып, экологиялық таза қаптамада келеді. 2022 жылғы LG саундбар моделінің әр қайсысы қоршаған ортаға әсерін мойындтқаны үшін SGS Eco-Product сертификатын алды.

Айналадағы экожүйені қалпына келтіру әркімнің міндеті екенін түсінетін уақыт келді. Күнделікті өмірде қоршаған ортаны қорғауға арналған оңай, бірақ өте маңызды қадамдар, планетмызды таза ұстауға көмектеседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр