Экологиялық апат белгісі: Маңғыстауда мұнайға былғанған құстың видеосы тарады
Видеодан скриншот
Желіде Маңғыстау облысының маңында тұмсығы мұнайға былғанған құстың видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
21 мамырда желіде мұнайға былғанған құс бейнеленген видео пайда болды.
Құс Жаңаөзендегі мұнай кәсіпшілігінің маңында болған. Жұмысшылардың бірі құстың тұмсығын шүберекпен тазаламақ болды.
Каспийде жаппай қырылған итбалықтардан кейін өлі шаяндар табылуда
Каспий теңізінің жағалауында аққулардың өлекселері табылған
"ECOJER" қауымдастығының облыстық экологиялық кеңесінің төрағасы және экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Әділбек Қозыбақов құстың үлкен ащы әупілдек немесе сары құтанға ұқсайтынын хабарлады.
“Мазутпен немесе мұнаймен ластанғандықтан, түрін дәл анықтау қиын”, – деп атап өтті Әділбек Қозыбақов.
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы әзірге жағдайға пікір білдірмеді.
Еске салсақ, ғалымдар "итбалықтар мен жағалаудағы қауымдастыққа қауіп төніп тұр", – деп Каспий теңізінің тартылатынын айтып дабыл қаққан еді.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
