Экология министрлігі жарты миллион долларға кино түсіріп жатқаны рас па? Ресми түсініктеме
Әлеуметтік желіде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жарты миллион АҚШ долларына кино түсіріп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сәкен Ділдахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, табиғатты қорғауға арналған қаражатқа кино түсіріліп жатқанын айтқан.
"Экология министрлігі жарты миллион АҚШ долларына кино түсіріп жатыр. Бұл қаражат табиғатты қорғауға арналған", - деп жазды ол.
Бұл мәселеге қатысты экология министрлігі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, бюджеттен туындыға қаржы бөлінбеген.
- Алматы облысында жол бойында шашылған жануарлардың сүйегі жұртты шошытты (видео)
- "Бұған көндіге алмаймыз": Тараздық белсенділер қараусыз жануарларды заңсыз атып жатқанына шағымданды
"Степь" көркем фильмі табиғатты қорғау кезінде, қызмет барысында көз жұмған инспекторлардың құрметіне арналады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аталған жобаға ешқандай қаржылық қолдау көрсетпейді. Жеке инвестор қаржысына түсіріледі. Фильм табиғат қорғаушылар туралы болғандықтан "Охотзоопром" тарапынан ақпараттық қолдау және сценарий жазу бойынша қолдау көрсетілді. Бюджеттен бұл туындыға қаржы бөлінбеген", - деп хабарлады экология министрлігінің баспасөз қызметі.