Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ол кезде еңбек демалысында болдым": Экология министрі Сатпаевтағы қара қар үшін кім жазаланғанын айта алмады

Экология министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қазір қоршаған ортаны ластап жатқан негізгі заттар өнеркәсіп объектілері, ЖЭО, автокөлік пен жеке сектор екенін айтты. Алайда, ол демалысыта болғандықтан Сәтбаевтағы қара қар үшін кімдер, қалай жазаланғанын білмейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Министрдің мәліметінше, Сәтбаевты негізгі ластап жатқан мыс балқыту зауыттары.

"Бірақ қараңыз, төртінші қазандыққа тәжірибелі нұсқада имульгатор орнатылады. Егер ол биыл жақсы нәтиже көрсетке, келесі жылы қалған үшеуіне шығарындыларды азайтатын осындай жабдық орнатылады", – деді министр.

Нысанбаев сонымен қатар желтоқсан айында Ұлытау облысына барып, инвестицияларды қажет ететін ескі мыс балқыту зауытын көргенін атап өтті.

"Бүгінде Жезқазғанда шығарындыларды төмендететін жалғыз нәрсе – күкірт-қышқыл цехының құрылысы. Яғни, шығындының бәрі құбырға жіберіледі. Онда тазалау мен басқару жұмыстары жүргізіледі. Ластаушы заттар ауаға іс жүзінде түспейді. Үкімет анықтаған жол картасында 165 миллион доллар қарастырылған. Бұл қалаларда экологиялық жағдай жақсарады", - деді Нысанбаев Сәтбаев.



Министр Сәтбаевтағы қара қардың қоршаған ортаға ауа-райына да әсер ететінін атап өтті.

"Ауа-райына байланысты күйе мен көптеген бөлшектер шөгіп, түтін әсерін тудырады. Біз одан әзірге құтыла алмаймыз. Шығарындыларды азайту бағытында қозғалуымыз керек. Ал Сәтбаевтағы қара қар үшін айыппұлға қатысты талдаулар жүргізілді. Азот диоксиді бойынша шекті рұқсат етілетін концентрациядан асып кетулер тіркелді. Оларға қандай шаралар қолданылғанын болжай алмаймын. Білмеймін, себебі сол уақытта демалыста болдым", – деп түсіндірді министр.

Талқылау