AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология министрі көміртекті бейтараптыққа көшу мәселесіндегі басты мақсатты айтты

 Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев брифингте көміртекті бейтараптыққа көшу мәселесіндегі басты мақсатты айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қазақстан жаһандық температураны 2 градустан астам өсуіне жол бермеу жөніндегі Париж келісімдегі температуралық мақсатқа қол жеткізу жолындағы күш жігерді жандандыру және амбицияларды арттыру жөніндегі жаһандық күн тәртібін толық қолдайды.

"Global Carbon Atlas" платформасының 2019-жылғы мәліметіне сәйкес, еліміз көмір қышқыл газдарының шығарындылары бойынша 221 елдің ішінде, 21 орында. Жан басына шаққандағы шығарындылары бойынша 11-ші және жалпы ішкі өнім көміртек сыйымдылығы бойынша 5-орында, -деп атап өтті Брекешов.

Сонымен қатар министр Париж келісімінің мақсатына жету үшін көптеген елдер көміртек бейтараптандыру мақсаты жөнінде мәлімдегенін айтты.

“2019 жылы ұлттық парниктік газдардың шығарындылары 364 млн тоннадан астам болды. Климаттың өзгеруі және парниктік газдардың шығарындылардың азайту қажеттілігі ірі секторларды көміртексіздендіру әлемдік экономиканы дамыту бағытына, трансформациялауға әкеледі. Халықаралық қаржы институттары төмен көміртекті технологияларды дамытудың мақсатында көмірмен байланысты жобалардан толық бас тартты. Бұл көмір өнеркәсібінің саласына қысым әкелуде, -дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр