"Екіжүзділіктен аулақ болайық": Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырған әртістерді сынға алды
Көптен бері көрінбей кеткен Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырып, рия жасап жүрген әртістерді сынға алды. Әнші жылдың бір айында ғана "тақуа болып көрінгісі келетін" әріптестерін екіжүзділіктен аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Отыз күндік оразада құлшылық жасаудың орнына, жарыса ауызашар жасап, арты той болып кетті. Ысырап жасап кеткен жоқпыз ба? Ол жерге ауыз бекіткені бар, бекітпегені бар, бәрі келеді. Сосын атақ-абыройы, мансабы бар, соларды шақырып, оны жариялап, елге көрсетіп, рия жасап кеткен жоқпыз ба?
Бір ай тақуа болып көрінбей-ақ қояйықшы, өтініш. Шынайы адам олай жасамайды. Қаншама бауырымыз тамақтарын таба алмай, сәресіге ішетін ас таппай отыр. Айтқым келгені, екіжүзділіктен аулақ болайық, ақыретімізді ойлайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ИншаАлла. Көз сүзіп отқан дұшпанның ойы аспасын. Қазақстаным әлі-ақ бай болады бұйыртса", – деп жазба қалдырды өнер иесі Instagram-да.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”