Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы да апат болды

Екібастұздағы жылу электр орталығында  тағы да апат болды. Мәліметтер бойынша, түнде күл шығаратын құбырда ақау болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:  @ete_ekb Instagram парақшасынан

"ЕкібастұзЖылуЭнерго"-ның мәліметінше, 10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған. Сағат 05.30-да ақау жойылған. Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды", - деп хабарлады "ЕкібастұзЖылуЭнерго".

Екібастұз ЖЭО мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі таңда станцияда жеті қазандық жұмыс істейді (№ 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14).  оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.
"Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.

Талқылау