Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұншықтырып, киімін шешпек болған": Екібастұзда жас жігіт қызды зорлаушыдан құтқарып қалды

Екібастұзда тәртіп сақшылары әйелге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алған жас жігітті марапаттады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнгі сағат үштер шамасында Екібастұз полициясының пультіне Царева көшесінде әйелге шұғыл көмек керек екені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнында тәртіп сақшыларын әйелге көмектескен жас жігіт күтіп алған.

Екібастұз полиция бөлімі бастығының орынбасары Валентин Бримжанов Богдан Симонашвилиге алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Анықталғандай, 15 қыркүйекке қараған түні сағат 02.45 шамасында 23 жастағы Богдан Симонашвили үйінде отырған кезде көшеден көмек сұраған дауыс естіген. Терезеден қараған кезде, ер адам қызды тұншықтырып, киімін шешпек болып жақан.

Талқылау