"Екібастұзда ТЭЦ жарылғанын ұмытпаңдар": Меруерт Түсіпбаева анасына пәтер сыйлады
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса Меруерт Түсіпбаева анасына пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі анасына жөндеу орталықтан пәтер сатып әпкергенін көрсетті.
“Анам жер үйде тұрған. Жасы келген адам ғой деп көпқабатты пәтерге көшірдік. Екі айға созылған жөндеу жұмыстары мәресіне жетті. Қоныс құтты болсын! Біткен істің міні жоқ. Десек те, бітпеген ұсақ-түйегі көп. Ескі үй дегендерге айтарым, Екібастұзда ТЭЦ жарылғанын ұмытпаңдар. Бұл үй орталықта орналасқан. Ең бастысы, анама қолайлы жер болсын. Оңтүстік өңірінің ырымы бойынша босаға майлап жатырмын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің босаға майлау әрекетін қызу талқылап жатыр.
“Босағаны майладым дейді, табалдырық пен босағаны айыра алмай ма?”, “Ақылды болғасын дұрысын айтып отыр, бірақ ақылдыға көнгісі келмейтіндер өзіңіз сияқты күліп түсінбей отыр”, “Табалдырықты майлағанды бірінші рет көрдім”, “Осы апам ұнамайды әйтеуір маған. Өтірік ойнап тұратын сияқты. Шынайылық жоқ. Ақымақ қыздар сияқты. Бірақ таза өз ойым”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Меруерт Түсіпбаева көпшілікке IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі еткен еді.