AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда кәмелетке толмаған екі бала көлік астында қалды

Екібастұздағы жаяу жүргіншілер өткелінде 14 және 4 жастағы екі баланы көлікпен қағып кетті. Кәмелетке толмағандар жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жол апаты 1 наурыз күні таңертең сағат 07.45-те Жүсіп және Торайғыров көшелерінің қиылысында орын алды. Көлік рулінде 33 жастағы әйел болған.

"Hyundai Accent автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2007 және 2017 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жіберілген. Ал ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жүргізуші балаларды ауруханаға өзі жеткізген.

"2007 жылы туған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккен балаға жабық бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының шайқалуы диагнозы қойылған. Жалпы жағдайы жарақаттың ауырлығына, мидың жалпы симптоматикасына және травматикалық шок алуына байланысты ауыр деп бағаланып отыр", – деді Денсаулық сақтау басқармасында.

Екінші зардап шеккен бала шынтақ буынының жарақатын алған. Травматолог тексерісінен кейін амбулаторлық емделуге жіберілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр