Екібастұзда "Богатырь көмір" ЖШС-дегі қылмыстық схеманың кесірінен 45 миллион теңгеден астам шығын келді
Екібастұз қаласының "Богатырь Көмір" ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық іс-әрекетін Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті тоқтатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
АФМ мәліметтері бойынша, автобаза директоры 45,5 млн теңге сомасына материалдық залал келтіріп, жүйелі негізде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаған деп күдікке ілінді. ЖШС-де басшылық лауазымдарды атқаратын адамдар заңсыз байыған.
"Қылмыстық схема бойынша автокөлік құралдарына қосалқы бөлшектерді есептен шығару, жаңаларын сатып алу және оларды өтірік орнату туралы құжаттарға қол қойылған. Жаңа бөлшектерсіз техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемеді, ал жоғарыда аталған адамдар сатып алған бөлшектерді сатты", – делінген хабарламада.
Күдіктілер ұсталды, ұрланған қозғалтқыштар мен жүк көліктерінің БӨП тәркіленді.
"Сот олардың толық өкінуіне және кінәсін мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деп мәлімдеді ҚМ баспасөз қызметі
Агенттікте түсіндірілгендей, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.