Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда 18 көпқабатты үй мен үш әлеуметтік нысанда әлі де жылу жоқ

Жылу электр орталығында апат болған Екібастұзда 18 көпқабатты үй мен үш әлеуметтік нысанда әлі жылу жоқ. Қаланың пәтерлеріндегі орташа температура 18-20ºС, емдеу мекемелерінде 20-25ºС жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.


Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

"Апаттық қалпына келтіру жұмыстарына 138 адам мен 35 техника жұмылдырылған. Бұрын анықталған 15 апаттың 14-і жөнделді. Жер үсті жұмыстары жүріп жатыр. 28 қарашада сағат 15.30-да салқындату сұйықтығын беру температурасы 87ºС нормада 84ºС, "қайтару" - 56ºС нормада 54ºС болды", - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

ЖЭС-те алты қазандық жұмыс істейді, тағы төртеуі резервте. Энергияны тұтыну 51 МВт.



"Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 5а ықшам ауданындағы №52 ЦТП учаскесінде бір зақым бар", - деп қосты министрлікте.

Екібастұзда 689 көппәтерлі және 4395 жеке тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ресми мәлімет бойынша, "Екібастұзтеплоэнерго" мекемесінің балансындағы қаладағы 342 шақырымдық жылу желілерінің 91 пайызының тозығы жеткен. Екібастұз қаласындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 423 шақырымды құрайды.

27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭс-да төрт қазандықтың жұмысы тоқтап қалғаны белгілі болды. Көп ұзамай қаланың жылу жүйелеріне 10 жерден зақым келгені белгілі болған.

Талқылау