Екібастұз маңында белгісіз қарақшы бір топ аққуды атып тастаған

Екібастұз маңында белгісіз қылмыскер бір топ аққуды атып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ащыкөл маңында екі ересек аққу және оның сегіз балапаны пайда болған. Құстарға жергілікті тұрғындар тамақ беріп, табиғаттың әдемілігіне тамсанып жүрген болатын. 

Алайда көлде қарақшы пайда болып, аққуларды ата бастаған. Қазір тек қана бір балапан аман қалыпты. 

Еріктілердің айтуынша, көгілдір (аққудың балапаны) ауыр жарақат алған. Қазір жануарлардың құқығын қорғаушылар құстарға күтім жасай алатын тәжірибелі маман іздестіруде.

Полиция заңсыз аң аулаған қаскүнемге іздеу салды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр