Екібастұз: 4 желтоқсанда үйлердің басым көпшілігіне жылу беру жоспарланып отыр
Екібастұзда жылуды кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жалғасып жатыр. 3 желтоқсан күні сағат 19:00-де тағы 9 үйді жылуға қосу жұмыстары аяқталған ал 19 үй жылуға әлі қосылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қажетті шаралар жалғасуда. 9 үйдің нақты қайсысы жылуға қосылды деген сұраққа әзір жауап бере алмаймын. Алайда бұл сөзсіз Момышұлы 59, 53, 57, 52, 50 және Шешембеков көшелері", - деді Павлодар облысының әкімі міндетін атқарушы Олег Крук өткен брифингте.
Брифингте сондай-ақ Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де қатысты.
Жылу қосылған үйлер жайлы нақты ақпаратты жедел штаб кейінірек нақтылауға уәде берді.
- Скляр төтенше жағдай толығымен жойылғанша қалада қалады. Екібастұзда не болып жатыр
- "Олар біздің батырларымыз": Екібастұздағы төтенше жағдайды жоюға атсалысқан жұмысшыларды қалай ынталандырады
Олег Крук 4 желтоқсанда үйлердің басым көпшілігіне жылу беруді қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтты.
"Бүгін немесе ертең мүмкіндігінше жылуды қосуға тырысамыз. Кеше 28 үй жылусыз тұрған болса бүгін олардың саны 19-ға қысқарды. Бүгін біз қайтадан жиналып, ісімізді нақтылап таңертең бұл көрсеткішті тағы да азайтамыз деп үміттенеміз", - деп қосты ол.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
