Екібастұзда оқушының қолындағы петарда жарылып, екі қолын да сындырып жіберді
Екібастұзда 11-сынып оқушысы 3 қаңтар күні ауруханаға түсті. Ол петарда жарысылысынан соң жарақат алған.
Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала екі қолы да жарақаттанған күйінде ауруханаға жеткізілді, деп жазады pavlodarnews.kz.
Баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, бұл алғашқы жағдай емес. Осы түні 18 жастағы қыз мас күйінде екінші қабаттан құлап кеткен. Жабық бас-ми жарақатын алып, іші зақымданған. Бойжеткен ауруханаға жеткізілді.
Одан бөлек ауруханада 54 жастағы ер адам екі аяғы үсіп түскен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”