Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жыл бойы тұзақта жатқан мысық құтқарылды

Қытайда жол магистралында үйсіз мысық қыстырылып қалған. Оның тек екі жыл өткеннен кейін құтқарылғанын South China Morning Post басылымы жазды.

Екі жыл бойы тұзақта жатқан мысық құтқарылды

Бұл туралы  Stan.kz  хабарлайды.

Алғаш рет тұрғындар жануарды 2016 жылдың ақпанында Чэнду қаласының жолында көрген. 10 метр биіктіктен шыққан мысықтың даусын жергілікті зейнеткер естіп қалған. Содан бері ол күн сайын мысықты тамақтандыру үшін сол жерге барып тұрғанын айтады. Зейнеткер әйелінің айтуынша,  мысық басқа адамдар шақырса қашатын көрінеді. Ол тек өзін тамақтандырып жүрген зейнеткердің даусына ғана жақындайды.

Мысықты тұзақпен ұстады. Жануар қорғаушылар мысықты қолға түсіру үшін жолға тамақ салынған тор қойып қойған. Бірақ жануар оған тек бесінші күні ғана кірді. Мысықтың қандай жағдайда магистраль бойына тап болғаны белгісіз. Жергілікті жануарларды қорғаушылар мысықты ол жерге бұрынғы иелері қалдырған деп болжайды.

Айта кетейік, 31 қаңтарда 10 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық иесіне қайта оралды. Амекалық қыз жоғалған жануарын өліп қалды деп ойлаған. Мысық осы уақытқа дейін көшеде қаңғып жүрген. Ал оны жергілікті күзетші тамақтандырып келген.


Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет

Талқылау