Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы тасымалдаушы ретінде тіркелмеген: Түркістан облысында аударылып кеткен автобус жайлы белгілі болды

2020 жылдың 26 тамызында аударылып кеткен жолаушылар автобусы жалы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1992 жылы туылған Юсупов Кемран Ильясұлы Yutong маркалы мемлекеттік номері 750NPB05 автобусты жүргізіп келе жатқан кезінде рульді басқара алмай, жолдың оң жақ бетіне аударылып кеткен. Автобустың иесі Шыныбеков Ербол Исабилович, автобус Алматы-Сарыағаш бағытында жүріп келе жатқан және автобустың салонында 21 жолаушы болған.

"Сайрам ауданы Ақсукент елді мекенінде орналасқан Орталық аудандық ауруханаға 2 жолаушы жатқызылған. Ахметов Эльбрус Танурязович,  Сабденов Абдували Орынтаевич қазіргі таңда ауруханада жатыр.  Басқа жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген", - деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Түркістан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, аталған автобус жолаушыларды тұрақты немесе тұрақсыз тасымалдаушы ретінде басқармада тіркелмеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысында жолаушы автобусы аударылып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр