"Екі жыл оны мектепте мазақтап келді": BINOM мектебінде 12 жасар қызды жаралады деген жасөспірімнің анасы буллингке шағымданды

Видеодан скриншот/АқЖайық
Атырауда Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM мектебінде 8-сынып оқушысына шабуыл жасалған соң күдіктінің анасы мәлімдеме жасады. Сөзіннше, 9 оқитын ұлын бірнеше жыл бойы сыныптастары қорлап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-ана мұғалімдерге жайтты ескерткенімен, ешқандай жауап берілмегенін айтады.
13 наурызда 9-сынып оқушысы 12 жасар қызды өткір затпен жарақаттаған. Қыз мойны, кеудесі және қолына жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін ол жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды, жағдайы орташа деп бағаланды.
“Кісі өлтіруге оқталу” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жасөспірімнін анасы BINOM-ға ауыспас бұрын ұлының қарапайым оқушы болғанын және гуманитарлық ғылымдарға ерекше қызығушылық танытқанын айтады. 2023 жылы 6-сыныпты бітіргеннен кейін отбасы оны ҚТЛ-ға беруге тырысты, бірақ ол түсе алмады. Содан кейін ата-анасы оны сапалы білім алсын деп үміттеніп, BINOM-ға ауыстыруды шешті.
Анасының айтуынша,уақыт өте келе, жасөспірімнің мінез-құлқы өзгере бастады. Бала сыныптастарының оған көрсеткен қарым-қатынасына шағымдана бастады.
"Жетінші сыныптан бастап бір қыз оған TikTok-тағы видеолары туралы айтып, оны мазақ ететін. Содан кейін басқа қыздар да қосылды. Олар оның келбеті мен жүрісін талқылайтын", – дейді ол.
Сыныптастары оның түрін, жүрісін және мінез-құлқын, сондай-ақ жасөспірім кезіндегі тері проблемаларын мазақ қылғанын айтады.
Анасы кейбір мұғалімдердің де не болып жатқанын білді дейді.
"Мұғалімдер мұны байқаса да, араласпады. Мұғалімдердің бірі тіпті оны қыздар мазақтайтын сөзбен атаған. Ағылшын тілі мұғалімі де оған дәл солай сөйледі, ал Мұханбет мұны жүрегіне жақын қабылдады", – дейді анасы.
Оның айтуынша, жасөспірімнің жағдайы соңғы айларда нашарлаған. Қаңтарда ол асқазанының ауырсынуына шағымдана бастады және сабаққа кешігетін болды. Ата-анасын мектепке бірнеше рет шақырған, бірақ бала жағдайын сыныптастарының үнемі қорлауымен байланыстырды.
Ол сынып жетекшісіне сыныптағы қыздардың қасына отырғысы келмейтінін айтты.
Отбасы баланы басқа сыныпқа немесе мектепке ауыстыруды қарастырды. Алайда жасөспірімнің өзі оқу орнын ауыстырғысы келмеді.
“Мен оны басқа сыныпқа, басқа мектепке ауыстырғым келді, бірақ балам қалғысы келді. Ол 9-сыныпты бітіргісі келді”, – деді әйел.
Жасөспірімнің анасы бұл оқиғаны бөлек қарастыруға болмайды деп санайды.
Оқиғаның мән-жайы қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеліп жатыр. Тоғызыншы сынып оқушысы тергеу изоляторында.
Еске салсақ, Атыраудағы мектепте 9-сынып оқушысы 12 жастағы қызды жарақаттаған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді