Екі жастағы ирандық балақайдың физикалық гимнастикадағы өнері көпшілікті таң қалдырды (видео)
Балақай өзімен жастылардың біразы жүре алмай жатқан кезде, ол кәдімгі каскадерлерше өте қиын жаттығуларды орындайды.
Арат Хосейн екі жасында-ақ ғаламтор жұлдызына айналды. Оның өнері қарапайым кездейсоқтық емес, үлкен еңбектің күшімен келген гимнастикалық трюктер. Баланы жастайынан спортқа ата-анасы баулып отыр. Және баланың әр жаттығуын түсіріп Инстаграмдағы парақшасына салып отырады.
Арат Хосейннің әкесі оған жаттығуларды жұмсақ ойыншықтар арқылы түсіндіріп,көрсетіп береді. Сол сәтте-ақ екі жастағы балақай барлығын бұлжытпай орындап шығады.
Талқылау