Екі жастағы бүлдіршін бесінші қабаттан құлап тірі қалды
Періштесі қаққан балақай! Ақтөбеде екі жастағы бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетіп тірі қалды. Кішкентай сәби бірінші талға ілініп, кейін жұмсақ топырақтың үстіне түскен екен. Қазір бала ауруханада жатыр. Жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Бұл жайсыз оқиға осыдан 3 күн бұрын болған. Анасының айтуынша, баласын ұйықтатып, үйдегі үлкендерге тапсырып, өзі дүкенге кеткен. Ал, бала анасы үйден шыққан бойда оянып, терезеге жүгірсе керек. Ашық тұрған терезенің торына жармасып, абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткен. Періштесі қаққан сәби бірінші талға ілініп барып, топыраққа құлаған. Құлаған кезде бала терезедегі торға жармасып айырылмаған, көп соққыдан сол тор сақтап қалған-, дейді дәрігерлер. Екі күн жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін хирургия бөліміне шығарылды.
«Ішкі құрылысының жабық жарақаты, бауырдың соғылуы, гематомы диагнозы қойылды. Түскен кезінде жаңағы бауырға түтікше қойылып, лабсинтез істеліп, содан кейін балада екінші мидың соғылуы диагнозы анықталды. Бала екі күн реанимация бөлімінде емін алып, жағдайы жақсы болған соң хирургия бөлімшесіне аударылды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы», дейді Ақтөбе облыстық балалар клиникалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Медетбаев.
Ақтөбеде мұндай оқыс оқиғалар жиі болады екен. Мәселен тек шілде айында ғана төрт жағдай. Сондықтан дәрігерлер үлкендердің балаларына мейілінше сақ әрі мұқият болуларын сұрайды.
«Бірінші қаңтар мен шілде айларының қорытындысы бойынша балалардың биіктен құлау жағдайының он екісі болды. Олардың көбі 3 пен 5 жасқа дейінгі балалар. Ата – аналардан балаларына сақ болуларын және оларды үйде қараусыз жалғыз қалдырмауларын өтінеміз», – дей ді Ақтөбе облыстық балалар клиникалық ауруханасы статистика бөлімінің меңгерушісі Сәбина Нұрғалиева.
Дәрігерлер қазіргі күні баланың жағдайы жаман емес деп отыр. Бала ем -домын уақтылы қабылдап жатыр.