Екі жасар бала анасы мен қарындасын құтқарып, өзі ажал құшты
Екі жасар Деметриус жылытқыш жарылған кезде анасы мен 5 апталық қарындасын оятып үлгерген. Анасы құндақтағы сәбиімен бірге үйден қашып шыққанымен, баланың өзі отқа оранған үйде қалып қойған.
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың Кентукки аймағында тұратын 26 жастағы Уитни Джонсон әлі де өз-өзіне келе алар емес. Ол қараңғы түні болған оқиғаны көзіне жас ала отырып, еске алады.
Өрт тұтанған соң, детектор дер кезінде белгі бермеген. Сондықтан да әйел баласының айқайынан кейін ғана оянған.
Байбалам салған әйел 5 апталық қызы Нила мен ұлын құшақтап, есікке қарай жүгірген. Оттың арасынан өтіп, шыға беріске келген кезде кілтті іздеуге кіріскен. Сол сәтте ұлының қолын жіберген ол ағаттық жібергенін білмесе керек-ті.
“Оттың арасынан жүгіріп өттік. Деметриустың қатты қорқып тұрғанын байқадым. Сол сәтте өлеміз, біткен жеріміз осы деп ойладым”, – дейді әйел.
Анасы қолынан жібере салған кезде, бала қорқып, өзінің жатын бөлмесіне жүгіріп кеткен. Осы кезде Уитнидің алдында таңдау тұрды, ол балаларының қайсысын құтқарарын білмеді.
“Қолымдағы қызыммен есікті ашуға тырыстым. Ұлымның қолын жібере салуға тура келді. Ол жөтеліп, мені шақырып жатты. Оны табуға тырыстым, бірақ түтіннен ештеңе көрінбеді”, – дейді әйел.
Құндақтағы сәбиінің басы балқып бара жатқандықтан, анасы ұзақ ойлана алмады. Ақырында қызымен бірге көршінің үйіне жүгіріп барып, қайта оралды. Бірақ үлгермеді. Бала өз төсегінде жатып, уланып көз жұмған. Перзентінен айырылып қалғанына қарамастан, әйел шу көтеріп, көршілерінің өмірін құтқарып қалған.
“Менің ұлым Деметриус – нағыз батыр. Егер де ол болмағанда, біз қазір осы жерде отырмас едік”, – дейді әйел.
Уитнидің денесін 30%-ға, ал сәбиінің денесін — 19%-ға күйік шалған.Алайда отбасының басына үйірілген жалғыз бұлт бұл емес. Әйелдің айтуынша, денесіндегі күйіктің салдарынан, адамдар неше түрліні айта бастаған. Олар кішкентай Ниланы құбыжыққа теңеп, ұлдың өліміне анасын кінәлайды екен.
“Ұлының орнына, анасы өлу керек еді деп жазады. Ондайды оқығанда көз жасымды тоқтата алмаймын. Адамдар менің орнымда болған жоқ, менің қолымнан ештеңе келмеді”, – дейді әйел.
Тағы оқыңыз:
Жұмыссыз әйел байқаусызда 7 мың доллар ақшаны шайпұлға тастап кетті
Қытайда балабақша тәрбиешілері 5 жасар қызға табақ жалатып, мазақ қылған (видео)
Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған
Мальдив аралдарындағы жаңа қонақ үй меймандары акулалардың арасында ұйықтай алады (фото)