"Екі жарым ай өмірі үшін күресті": Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен бала қаза болды
Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар бала есін жимастан ауруханада мерт болды. Бүлдіршін екі жарым ай өмірі үшін күрескен еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растап отыр. Олардың айтуынша, бала екі жарым ай бойы комада жатқан.
"Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Сол уақыттан бері жансақтау бөлімінде жатты. Оң өзгерістер байқалмады. Ал ақпанның 28-і күні бала есін жимастан мерт болды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, үш жасар бала ас үйде ойнап жүріп, құлаған. Сол кезде оның сол жақ көзіне пышақ кіріп кеткен. Оқиға болған кезде баланың қасында анасы да болған.
Осы оқиғадан кейін полиция бірден кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Кейін қылмыстық іс "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" санатына ауыстырылған.