Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі шенеунік құтқарып қалған": Петропавлда 11 жастағы қызды тілсіз жаудан аман алып қалды

Петропавлдық шенеуніктер шарпыған жалын арасында қалған 11 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды. Қалалық әкімдіктің заңгері мен бөлім басшысы тілсіз жау құрсауындағы үйден 5-сынып оқушысын алып шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.    

өрт
Оқыс жағдай күндіз болған. Наталья Дерова мен Досұлан Босынов жаңа аудандағы тұрғындар арасындағы дауды шешуге бара жатыпты. Жолай лаулап жанған баспананы кездейсоқ көріп қалған. Дереу жетіп, көршілерден үйде кішкентай бала барын естіп, екеуі терезені қиратып ішке кірген.

Сөйтіп түтінге тұншыққан жеткіншекті алып шығыпты. Қазір оның денсаулығына төнген қауіп жоқ. Кейін төтеншеліктер осы жерден 63 жастағы кісінің өлі денесін тапты. Марқұм ажалдан аман қалған оқушының туысы екен. Екеуінен басқа сол сәтте үйде ешкім болмаған. Ал тілсіз жау темекі тұқылынан тұтануы мүмкін деген болжам бар.

Бір күнде батырға айналған екі шенеуніктің бірі бұрын төтенше жағдай саласында істеген екен.

"Оқушыны дер кезінде құтқармағанда, одан айырылып қалуымыз мүмкін еді. Оны алып шыққан адамдарға алғысым шексіз. Үйдің дарбазасы да темірден әрі өте биік еді. Аулаға кіру де оңай емес. Бұлар сол бөгеттен өтіп, ішке кірген", - дейді СҚО өрт сөндіру қызметінің бастығы Нұрлан Құлбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр