Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі рет некесіз бала туған келіншек өзін тоқалдыққа алатын азамат іздеп жүр

34 жастағы қазақстандық келіншек бәйбішесі келіскен жағдайда, кез келген азаматқа тоқал болуға дайын екенін айтты.

вы

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

ХХ ғасырға дейін көп әйел алу – қазақ қоғамында кең тараған құбылыс болды. Қазір бұл мәселеге байланысты әртүрлі көзқарас бар. “Бұл дәстүрді жаңғыртса, тұрмысқа шықпай, отырып қалған қыздар азайып,  демографиямызға игі әсерін тигізер еді” дейтіндер де бар. Қарсы пікірлер де аз емес. Статистика агенттігінің өткен жылғы мәліметі бойынша, Қазақстанда әйелдер саны ер азаматтарға қарағанда шамамен 600 мыңға көп екен. Былтырғы жылы ОҚО-ның төрт ауданында сауалнама жүргізіленде, әйелдердің 80%-ы көп әйел алуға қарсы шығып, 1,3%-ы ғана қолдаған.

34 жастағы бағдарлама кейіпкерінің төрт айлық қызы бар. Мира Айтбаева осыдан 13 жыл бұрын некесіз бір ұл босанған. Кейінгі қызы да некесіз туып отыр. Ал жігіт бұл жаңалықты ести сала оны тастап, басқа қызға үйленіп кеткен. Енді келіншек жақсы отбасының тоқалы болуға үміттеніп жүр.

“Бақытым деп білген адамым мені тастап, басқа қызға үйленіп кетті. Осы жағдайға өкінсем де, қызымды босандым. Енді сол перзентімнің бақыты үшін қызыма әке, өзіме адал жар болатын отбасылы кісі болса да, мен екінші әйел болуға дайынмын. Ер азаматтың бірінші отбасына менің ешқандай зияным тимейтін болса, барлығы екі жақпен келісілген болса, мен тоқал болуға өз келісімімді беремін. Әр әйел адам бақытты болуға лайық деп ойлаймын. Өз бақытымды күтемін. Кездескен жағдайда күйеуге шығамын. Менің 12 жастағы ұлым бар. Оны да некесіз босанғанмын. Қазір ауылда тұрып жатыр. Алдағы өмірімнің не болатынын білмеймін. Бірінші ретте мен қателестім. Себебі, ол кезде жас едім. Екінші ретте де мен өз бақытымды таптым деп ойладым. Ол мені тастап кетеді деген ой болмады”, – дейді Мира Айтбаева.

Студия қонақтары бұл мәселеге қатысты түрлі пікір білдірді. Көпшілік оны “бақытты отбасының шырқын бұзғалы отыр” деп айыптады. Ал журналист Риза Исаева өз кезегінде Мира ханымның аңқау екенін айтып өтті. “Бұл сіңілімде аңқаулық бар сияқты. “Ер адамым болса, әйтеуір бірнәрсе қылып күнімді көремін” деген жалған үміттің соңында жүр. Мұндай ойлардан арылып, тағдырың үшін жалғыз күресуің керек шығар?!” – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы өмір бойы түрік азаматына тұрмысқа шығуды армандап келеді

Қазақстанда енесі келінін орыстарға құлдыққа сатып жіберген

Қазақстанда денесін пышақ кеспейтін темір жігіт бар

Талдықорғандық 40 кг гір тасын тісімен көтеріп жұртты қайран қалдырды

Талқылау