Екі мемлекетте заңсыз зейнетақы алып келген әже сотталды
61 жастағы семейлік әже осы күнге дейін екі елде қатар зейнетақы алып келгені үшін айыпталды.
Бұл туралы YK-news.kz басылымы жазды.
Семейлік әженің екі азаматтығы бар екен. Ол 57 жасында екі мемлекетті алдап, өзіне зейнетақы құжаттарын жасатып алған. Шамамен 4 жыл уақыт ол Қазақстанда өзіне тиесілі емес ақша алған. Ал Ресейде алған зейнетақысы заңды. Енді ол мемлекетке 1 млн 600 мың теңге қайтаруы тиіс. Сотта ол кінәсін толықтай мойындап, ақшаны қайтаруға уәде етті.
Жіберіп алмаңыз:
14 жастағы қыз анасының сыныптасымен төсектес болып, басын айналдырып алған
Алматылық кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО-ға билет сатып алып берді
Түрмеден босап шыққан Юрий Пакты оқушылары салтанатпен күтіп алды
Талқылау