Екі мәрте өлім аузынан қалған 80 жастағы әйел о дүниеде көргенін баяндады
Фото: Shutterstock
АҚШ-тың 80 жастағы тұрғыны Норма Эдвардс өмірінде екі рет клиникалық өлім шегіне жетіп, сол сәттерде болған көріністер жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Эдвардс алғаш рет жастық шағында реанимация бөлімінде көз жұмғандай күй кешкенін еске алады. Оның айтуынша, дәрігерлер өз денесін құтқаруға тырысқан сәтті ол сырттан бақылаған. Кейіннен жарқыраған жарыққа сіңіп, алып теледидар экранының алдында тұрғандай әсер алған. Әйелдің айтуынша, экран “әлемде жасалғандардың ең үлкенінен де үлкен” болып көрінген.
Онда үш баған көрсетілген: біріншісінде – дүниеге келмес бұрын оған алдын ала жазылған өмірі, екіншісінде – өзі өмір сүріп үлгерген кезең, ал үшіншісінде – осы екі жолдың салыстырмасы.
“Әр жолы экранда: “Мақсат орындалмады” деген сөз шықты. Өз өмірімнің көз алдымнан зырғып өтіп жатқанын көріп күлгенім есімде”, – деді Эдвардс.
Осыдан кейін әйел өзен жағасына түскендей болған. Қарсы бетте оған таныс жандардың рухтары тұрған. Солардың арасында ол ерекше жақсы көретін тәтесін танып қалған. Туысы оған:
“Сені осы хабармен қайта жіберіп жатыр. Өмір – сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда терең, ол мәңгілік”, – деген.
Осы сәттен соң Эдвардс бірден аурухана төсегінде есін жиған.
Екінші рет америкалық әйел былтыр қарашада инфаркттан кейін өлімге жақын күйді басынан өткерген. Бұл жолы ол тоннел бойымен жұмаққа жақындағандай сезінген. Алайда оның жанында періштеге ұқсайтын бір әйел пайда болып, Эдвардсты тағы да кері қайтарған және алдыңғыдай сол хабарды жеткізген.
“Мен енді өлімнен қорықпаймын. Себебі оның соңы еместігін білемін. Қайта тірілу тәжірибесі маған жанның өлмейтінін үйретті”, – дейді Норма Эдвардс.
Айта кетейік, бұған дейін Канаданың Альберта провинциясында тұратын әйел клиникалық өлімді бастан өткергеннен кейін о дүниенің бар екеніне сенгені хабарланған еді.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды