Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күн карантинге жатқызылған қазақстандықтардың ПТР тест нәтижелері белгілі болды

Шетелден келгеннен кейін екі тәулікке карантинге түскен 893 қазақстандықтың барлығында коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"6 қазаннан бастап халықаралық рейстерге жаңа COVID-19 талаптары енгізілді. Талдаудан өту үшін үстіміздегі жылдың 6 және 7 қазанында COVID-19-ға ПТР сертификаты жоқ 893 қазақстандық екі күн карантинге алынды", - деді көліктегі бас санитарлық дәрігер Садвакас Байғабұлов.

Оның айтуынша, ұшып келген әуе жолаушылары екі күндік карантинге орналастырылып, COVID-19-ға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында тексерілді.

"Барлық жолаушылар ПТР-анализін тапсырды. Барлығында коронавирус теріс нәтижекөрсетті", - деді Байғабұлов.

Ол 6 және 7 қазанда Қазақстанға 2925 жолаушы келгенін, олардың 70 пайызында ПТР анализі бар екенін айтқан.

STAN.KZ
Жұма, 09 Қазан, 2020 14:05
Талқылау