Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі көріністің арасында жедел жәрдем шақырдым": Жұлдыз Әбдікәрімова сахнада құлап, белін ауыртып алды

Актриса, әнші Жұлдыз Әбдікәрімова Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өнер көрсетіп жүр. Кезекті дайындық барысында ол сахнада құлап, белін ауыртып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі алаңдап жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

“20 күн бойы үздіксіз дайындалдым. Халқым келіп, менің ойнағанымды көріп, қол соқса дамылсыз, ұйқысыз өткізген күндерімнің өлшемі сол болмақ. Сіздерге білдіртпеген қаншама дүние болып жатыр. Дайындық кезінде сахнада аяғым тайып, белімді ауыртып алдым. Оңбай құладым. Қанша ауырғанымды білдіртпей жасырсам да, оқырман байқап қойыпты. Қойылымның екінші бөлімінде белім қатты ауыра бастады. Жаным көзіме көрініп тұрса да, аз қалды деп өзімді жұбатып тұрдым. Екі көріністің арасында жедел жәрдем шақырып, дәрі ектіріп алдым. Ол кішкене де болса ауруымды басып, соңына дейін шыдап бердім. Ет қызуымен байқамай рөлімді сәтті алып шықтым. Кейін ауруханаға барып, аяғым мен белімді таңып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ”, – дейді актриса.

Өнер иесінің оқырмандары қойылымның сәтті шыққанын айтып жатыр. Бір-екі оқырманы ғана актрисаның түрінен ауруы жанына батып тұрғанын байқаған. 

Талқылау