Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі қолын жұлып алды, қасақана өлтірді": Оралда күзетшілер ер адамды аяусыз ұрған

Орал қаласында жеке күзет фирмасының қызметкерлері жергілікті тұрғынынның қолын жұлып алып, өлімші етіп сабаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Марқұмның әпкесінің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының соңында інісі корпоративті кеште демалған. Іс-шара барысында кафенің қонақтарымен біраз сөзге келіп қалған. Әкімшілік полицияны шақырып, ер адамды наркодиспансерге алып кетті. Мұнда ол қызметкерлермен де қақтығысып қалған, олар жеке компаниядан күзетшілерді шақырған. Бес адам келді. Олар науқаспен көп сөйлеспей, оны аяусыз ұра бастаған.

Туыстары марқұмның үйге қоңырау шалғысы келгенін, бірақ телефонынын алып қойғанын айтады. Қазір бұл іс бойынша сот басталды. Бірақ, сотталушы орындығында тек 2 адам отыр. Қалғандары куәгерлер ретінде өтеді. Сот отырысы кезінде күзетшілер сол кеште өздері мас болғанын мойындады. Сонымен қатар, олардың кейбіреулерінде "жалған" құжаттар бар.

"СОВА" күзет мекемесінің қызметкерлері келіп, менің туған інімді ауруханада аяусыз ұра бастады. Олар менің інімді қасақана өлтірді, 2 қолын жұлып алды, мұрнын сындырды, көзін шығарды, мұрынның, жақ сүйегінің сынуы, денеге қарау мүмкін болмады - сау-тамтығы қалмаған", - деді марқұмның әпкесі Бақыт Ахметова.

Айтпақшы, сотталушылардың бірі - Абзал Әділов. Бір кездері ол Шымкентте белгісіз қызға өз бүйрегін беру арқылы оның өмірін сақтап қалумен танымал болды. Осыдан кейін оның денсаулығына байланысты проблемалар туындады және күзетші болып жұмысқа орналасты.

STAN.KZ
Жұма, 14 Тамыз, 2020 12:31
Талқылау