Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі қазақ қызын асырап алған америкалықтар қыздары үшін Қазақстанға көшіп келген (фото)

2000 жылдардың басында қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев екі қазақ қызын асырап алған америкалық Рамона мен Кей Стайстар туралы фильм түсірген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170802114302

Сол америкалық отбасы 2 жылдан бері Қазақстанда  тұрып жатыр.

«Қыздар Астанадағы интернационалды мектепте оқиды. Фильмді өткен жылдың күзінде түсіре бастаған едім, ал ЭКСПО аумағындағы көріністі таяуда түсіріп, аяқтадым», – деді режиссер.

20170802114319

Бұл отбасы көпбалалы. 4 бала Стайстардың туған балалары. Бесіншісін қытадан,  екеуін қазақта асырап алған. Өздері 9-10 тілде сөйлей береді. Рамона мен Кей Гонконгте жүргенде 4-5 жастағы қыз баланы асырап алмақ болып, бірқатар елді іздестіріп көреді.

20170802114252

«Бұл фильмді Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының «Қазақстандағы америкалықтар» жобасы аясында түсірдік. Фильмге кейіпкерлер іздеген кезде Назарбаев Университетінде Кей Стайс деген мұғалімнің бар екендігін, отбасымен келгендігін айтты. Одан кейін оның Астанада жұбайымен және 2000 жылдардың басында Тараздан асырап алған екі қызымен тұратындығы белгілі болды. Қазақстаннан асырап алынған балалардың Америкадан Отанына оралуы өте сирек кездесетін жайт. Сондықтан мен олар туралы шағын картина түсіруге шешім қабылдадым», – деді Қанат Бейсекеев.

20170802114247

«Қандай да бір себептермен әйелімнің назары Қазақстанға ауды. Мүмкін отбасылықы дәстүр мен жоғары адамгершілік қасиеттерге байланысты шығар», – деді Рамона фильмде.

Олар қазақ қыздарының есімін Тараз және Камила деп қойған.

«Біз қыздарымыздың  шыққан тектері, туған қалалары естерінде болуын қаладық. Сондықтан қыздарымыздың біріне Тараз-Аина деген ат бердік. Камилә атын таңдағанға дейін біраз есімді қарап шықтық», – деді қыздардың анасы Рамона.

Әкесі екі қызы үшін Қазақстанға келуді ойлайды. ақырында жұмыстың мүмкіндігі туып, Астанаға көшіп келеді.

Камила мен Тараз-Айна қазір қазақ, орыс тілін үйренуде. Олар болашақта қазаққа не америкалық азаматқа тұрмысқа шыққысы келеді. Қазақтың салт-дәстүрі, мәдениетін жоғары бағалайды.

Тағы да оқыңыз:

Қостанай облысында қойдың басын үйітпек болған жасөспірім өртеніп кете жаздады

Қазақ пен мазақ: ЭКСПО-да қонақжайлылығымызға дақ түсірген кімдер?

Қытайдан келген оралман жазықсыз сотталған әкесіне көмек сұрап елбасыға үндеу жолдады (видео)

Алматыда қытайларға қызмет көрсететін элиталық жезөкшелер ұсталды (фото, видео)

Талқылау