Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі қаланың ортасында жүрміз": Гүлзира Айдарбекова бала-келіндерінен бөлек тұрғысы келетінін жасырмады

Фото: https://vk.com/gulzira_aidarbekova

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова бала-келіндерінен бөлек тұрғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жолдасы Нұртас Айдарбековпен екі қалада тұрып жатқанын көрсетті. 

“2-3 жылдан кейін Нұрекең екеуміз балалардан бөлек шығамыз. Екі қаланың ортасында жүрміз. Келіндерім Айгерім мен Индираның ”әбден шайын ішіп алайын. Олар да бөлек шығамыз деп айтпайды. Қазір Нұрекең екеуміз шаруаларымызды бітіре алмай жүрміз. Сосын бөлек тұрғымыз келеді”, – деді продюсер. 



Одан кейін эстрада жұлдызы қылған ұлы Қайрат Нұртасты да продюсерлігінен шығарғанын жасырмады. 

“Осы уақытқа дейін жүгіріп келдім. Енді ат тізгінін өз қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Арықарай өзі алып кетер. Өзінен кейін шәкірттер өсірсе де өзі біледі. "Қайтсем өсірем, қайтсем дамытам" деп қанша жыл жүгірдім. Енді өзіме уақыт арнағым келеді", – деді Гүлзира Үсенқызы Revue News-қа берген сұхбатында. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сөз қозғаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 03 Қазан, 2025 12:39
Талқылау