Екі ит талаған бес жасар бала достарының арасында мазаққа айналды

Ұлыбританияда бес жасар Райдер Уэллс екі ротвейлер тұқымды иттің шабуылынан кейін достарының арасында мазаққа айналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеп хабарлайды. 

райдер

Қайғылы оқиға балаға бір жас тоғыз ай болған кезде орын алған. Ол бүкіл оң жақ бетін, қасының төменгі бөлігін, еріннің 75 пайызынан айрылған. Тістері мен қолы сынған, оң өкпесі тесілген. Дәрігерлер баланың анасын Британиге бәріне дайын болуын сұраған.

Райдер Уэллске 50 пластикалық ота жасалған. Бала балабақшаға барып, қайтадан тамақтану мен ішуді үйренуге тура келген. Анасының айтуынша, дәрігерлердің Райдерді осындай сұмдық жағдайдан аман алып қалуы ғажайып құбылыс. 

Қазір көшедегі бейтаныс адамдар Райдер Уэллске жиі жағымсыз пікірлер айтып, "монстр" деп атайтын көрінеді. Жұрт көзіне бірден түспес үшін Райдер көзілідік тағып, қалпақ киеді немесе басын төмен қаратып жүруге мәжбүр. Сонымен қатар, Райдердің мұрны мен тістері қалпына келтіргенше көптеген ота күтіп тұр.

Бриттанидің айтуынша, ұлы ешқашан басқалары сияқты болмайтынын және көптеген қиындықтарға шыдауы керектігін біледі. Бірақ әр адам өзінше әдемі екенін күн сайын есіне салып отырамын дейді анасы. Райдердің өз ортасы бар және ол оған сенімділік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр