Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі елде тұратын әнші мен модель қыз бір-бірінен аумайтынын біліп таңғалысты (фото)

Румыниялық әнші Бьянка Михай мен 25 жастағы палестина-сириялық модель Лана Аль Бейк бір-бірінен аумайды. Желі арқылы танысқан қыздар өмірде кездесіп, достасып кетті. 

Бузэудегі (Румыния) әнші Бьянка Михай өзінің сыңары туралы фотограф досынан білген. Фотограф екі қыздың ұқсастығына қайран қалып, Бьянканың отбасына Лананың суреттерін көрсетті. Бьянканың ата-анасы қызын басқа елде тұратын бейтаныс қызбен шатастырып алған.

Дәл осындай оқиға Лананың басынан да өтті. Оның анасы Инстаграмда Бьянканың ән айтып тұрғанын көріп, өз қызы екен деп ойлап қалған. 

Екі қыз әлеуметтік желіде хабарласып, кездесуді жөн көрді. Бьянка Лана тұрып жатқан Дубай қаласына ұшып келді.

Арулар жағажайға бірге барып, суретке түсті. Оларды ешкім бір-бірінен мүлдем ажырата алмады.

«Бұл шынымен де бір сиқырлы нәрсе», - деді Бьянка көңіл-күйімен бөлісе отыра. 

Егіз достар алдағы уақытта тағы да кездесуді жоспарлап отыр. Енді Лана Румыниядағы «әпкесіне» барады.


Депутат университетте емтихан тапсыру үшін 8 сыңарын жалдаған


 

Талқылау