Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі достың көзін құрту үшін көмек сұраған": Қырғыз президенті терезеден секіріп қашып кеткен депутат туралы айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп кеткен депутат Эмиль Жамғырчиевтің ісінің мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр / Эмиль Жамғырчиев

"Кабар" ұлттық агенттігіне берген сұхбатында Садыр Жапаров Эмиль Жамғырчиевтің Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткенін, кәсіпкер Сәлімбай Әбдувалиевпен кездесіп, "екі достың"  көзін құртуға көмектесуін өтінгенін айтты.

"Бұл іс бойынша ҰҚК және Өзбекстанның арнайы қызметтері тергеу жүргізіп жатыр. Нәтижесі қандай болатыны мені қызықтырмайды", - деді Жапаров.

Қырғыз елінің  ақпарат құралдары атап өткендей, Садыр Жапаров пен ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевті қоғамда "екі дос" деп атайды.

Бұған дейін, Қырғызстанда депутат тергеушілерден қашып, парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп кеткенін жазған едік. Қырғызстан мен Өзбекстанда қырғыз парламентінің депутаты Эмиль Жамғырчиевке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. 
 

Талқылау