Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі беті бар бала 13 жасқа толып дәрігерлерді таңғалдырды

Өмірге келген кезде-ақ дәрігерлер аман қалмайды деген Трес Джонсон 13 жасқа толды.

Безымянный

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Дәрігерлердің олай болжамдау себебі – баланың екі бетпен туғандығында. Трес – осындай диагнозбен туа тұра аман жүрген жалғыз адам. Ал қалған 36 бала өмірге келе салысымен көз жұмған.

Бас сүйек-беттің екеу болып кетуі – SHH ақуызының бұзылуынан туындайтын ауру. Ол беттің ортасындағы үлкен жырық, бас формасының қалыптан тыс түрі және когнитивті жетіспеушілікпен туған. Сондай-ақ, ол дене тамырларының тартылып қалуынан да зардап шегеді. Бірақ, тартылып қалу медициналық марихуананың арқасында қазір едәуір азайған.

13 жыл бойы оның ата-анасы баланы өлтіріп тастау туралы кемсітушілік сөздер естіп келген. Бірақ, Бренди мен Джошуа ұлдары үшін ұялмайтындарын айтады. Диагнозына қарамастан бала отыра алады. Бірақ, бас сүйектегі жетіспеушілікке байланысты оның даму деңгейі сәби күйінде қалып қойған.

Оқи отырыңыз:

Биыл әлемде қанша адам ораза ұстады?

Ережесіз жекпе-жек чемпионы порноактрисаны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Жарыс жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жарылып кетті (видео)

Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)

Талқылау