Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда намысына сызат түскен екі ағасы қарындастарының аяғын кесіп тастады

Өз қарындастарына қастандық жасаған екі пәкістандық азамат іздестірілуде. Бұл туралы 3 қараша күні The Express Tribune хабарлады.

pic_c75e8be4fcce7b9b13f25f0b8c13f91e

Басылымның жазуынша, Мухаммад Афзал мен Мухаммад Мунир өткір пышақпен 40 жастағы Шареефан Бибидің көзін ойып алып, артынша аяғын кесіп тастаған.

Жәбірленуші әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қызының сөзінше, әйел өз ағасы Мухаммад Афзалдың қызын ұрлап алды деп айыпталғаннан кейін ағалары оны өлтіруге ниеттенген.

Ар-намыс өлімі — отбасын масқаралаған жандарға туыстары кесетін жаза. Мұндай жағдайлар Пәкістанда жиі орын алып тұрады. Тіпті, жылына 500-ден аса әйел өз жақындарының қолынан қаза табады деген де пікір бар.

Биылғы жылдың қазан айында Пәкістанда ар-намыс үшін адам өлтіруге барғандар үшін қатаң заң қабылданды. Бұған дейін жәбірленушінің отбасы қылмыскерге кешірім берсе, ол жазаланбайтын.

Жіберіп алмаңыз: 

Үндістандық кәсіпкер жұмысшыларына 1260 көлік пен 400 баспана сыйлады

13 жастағы қыз сүйіктісіне қосылу үшін өз туыстарын өлтіріп тастамақ болған (фото)

Жынысын ауыстырған дағыстандық жігітті жерлестері өлтіріп тастады (фото)

Данияда тоңазытқышта босқын әйел мен оның екі баласының денелері табылды

Талқылау