Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Екі әйелге сексуалды зорлық жасаған танымал актер Жерар Депардье шартты жазамен құтылды

Фото: everythingfun

Франция соты актер Жерар Депардьені екі әйелді зорлағаны үшін кінәлі деп тапты. Алайда ол бір жарым жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Актер өз кінәсін мойындаған жоқ. Үкім жарияланғанда актер сотта болмаған, себебі ол Азор аралында фильм түсіріп жатыр.

Актер 2021 жылы "Жасыл жапқыштар" фильмін түсіру кезінде екі әйелге жыныстық зорлық жасаған.

Соттың хабарлауынша, жәбірленуші Амели К есімді суретші-декоратор сот отырысы кезінде оқиғаға қатысты дәйекті куәлік берді, ал Депардьенің айғағы өзгеріп отырған.

Депардье суретші-декоратор Амели мен режиссердің көмекшісі Сараға зорлық көрсеткен.

Амелидің мәлімдеуінше, фильмді түсіру кезінде актер оны аяғының арасына қысып, денесін ұстаған. Сонымен бірге бірнеше рет анайы сипатта қырындаған.

Режиссердің көмекшісі актер үш рет оны бөксесінен ұстап, кеудесіне қол жүгірткенін айтты.

Депардье ниеті ондай болмағанын айтып ақталды. Сөзінше, көңіл-күйі жоқ кезде аузынан сондай сөздер шығып кеткен.

"Мен тайып кетпес үшін оны жамбасынан ұстап алдым. Сол кезде аптап ыстық болды, жұма күні еді, түсірілімнің соңына қарай мен қатты шаршадым", – деді Депардье.

Сценарий бойынша жасалған оқиға 2021 жылдың қыркүйегінде қартайған актер туралы Green Shutters фильмінің түсірілімі кезінде болған. Депардье бұл фильмде басты рөлді сомдады.

Жерер Депардье бұрын сотқа тартылмаса да, 20-ға жуық әйел осындай анайы жағдайлар болғанын мәлімдеді.

Прокурорлар 76 жастағы Депардьені шартты түрде бір жарым жылға бас бостандығынан айыруды және 20 мың еуро айыппұл төлетуді сұрады.

"Тамаша актер, тамаша әке де қылмыс жасай алады. Бұл – француз кинематографиясын соттау емес, кез келген азамат сияқты Жерар Депардьенің соты", – деді прокурор.

Еске салсақ, танымал актер Жерар Депардье сексуалды зорлық жасады деген айыппен қамауға алынғаны жазылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 16:36
Талқылау